19:42, 16 Қыркүйек 2018
Головкиннің белбеулерін қайтарып аламын!
Геннадий ГОЛОВКИННІҢ белбеулерін қайтарып аламыз! Бұл туралы қазақстандық боксшы Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ өз instagram парақшасында мәлімдеді.
Бүгін Лас-Вегаста кәсіпқой боксшымыз Геннадий ГОЛОВКИН Сауль «Канело» АЛЬВАРЕСТЕН ұпай санымен жеңіліп қалды. 40-жекпе-жегінде ол чемпиондық атағын қорғай алмай, WBC WBA (Super) және IBO чемпиондық атағы мен WBC арнайы белбеуі және The Ring журналы белбеуінен айырылып қалды.36 жастағы жерлесінің кеткен есесін әуесқой рингте көпке танылған Жәнібек Әлімханұлы қайтармақшы екен.«Бұйыртса, белбеулерді қайтарып аламыз! 2019 жылы менің промоутерім Канелоның промоутерімен келіседі деп сенемін. Асыға күтемін! Мексикалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз!», — деп жазды қазақ боксшысы әлеуметтік желіде. Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста Азия, Азия ойындары мен Әлем чемпионатын жеңген. 2016 жылғы олимпиада ойындарында ¼ финалға дейін жеткен еді. Сол жылдың 29 қазанында кәсіпқой рингке шығып, 1-раунда колумбиялық спортшы Милтон НУНЬЕСАНЫ нокаутқа жіберген. 2018 жылы менеджер Эгис КЛИМАС және америкалық промоутерлік «Top Rank Боба Арума» компаниясымен келісімшартқа отырды. Атақты Бадди МакГирт бапкер болды. Айтпақшы, Әлімханұлының АҚШ-та осы айдың 28 қыркүйегінде жекпе-жегі өтеді.Фото: kzvesti.kz