Головкиннің қыркүйектегі қарсыласы аталды
Қазақстандық боксшы Геннадий ГОЛОВКИННІҢ жаттықтырушысы Абель САНЧЕС GGG-дің биылғы қыркүйекте кіммен бокстасуы мүмкін екенін айтты.
Sports.kz сайтының хабарлауынша, күздегі қарсылас болатын негізгі екі боксшы бар: Сауль Алваерс немесе Хайме Мунгия.
Десе де, Санчеснегізгі қалап отырғандары «Канело» екенін жасырмайды. Ал, Мунгия екіншікезекте, «запастағы» боксшы.
Оның үстіне,қазақстандық пен мексикалықтың арасындағы үшінші жекпе-жекті бүкіл боксфанаттары күтіп жүр. Бокс әлемі түгел күткен жекпе-жек болмай қалмайды дейдіжаттықтырушы. Орта салмақтағы бәсі жоғары екі боксшының арасындағы айқастыкөруге кім де болса құмартатыны белгілі.
Дегенмен, қазірқос боксшы үшін де маңыздысы алдағы жекпе-жектері. Еске сала кетсек, мамырда «Канело»Джейкобспен, ал GGG маусым айында француз Н’Дам Н’Жикамамен шаршы алаңғашығады. Егер бұл жекпе-жекте екеуі де жеңсе, онда күзгі кездесудің келіссөздерібасталуы мүмкін.
— Бәрі олар бұнықаншалықты қалайды, соған байланысты. Әйтпесе, басқа да жақсы айқастар бар. ҚазірGGG үшін белбеу маңызды емес, маңыздысы сапалы жекпе-жектер», — дейді ол.
Геннадий Головкин былтыр күзде алғаш рет жеңілгеннен кейін рингке шыққан жоқ. Ол «Канеломен» өткен кездесуде төрешілердің басым даусымен жеңілген. Оның келесі жекпе-жегі маусым айында өтеді.
Фото: sputniknews.kzi