Грекиядағы өрт салдарынан 20 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Грекияның Родос аралындағы орман өртінен 20 мыңнан астам адам — туристер мен жергілікті тұрғындар эвакуацияланды.
Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Бұған дейін, 19 шілдеден бері өрт Родостың оңтүстік-шығысындағы жағалаудағы курорттарға жеткендіктен, аралдан 19 мыңнан астам адам эвакуацияланған болатын. Грекияның құтқару қызметтері аралдағы өрт тарихтағы ең қиын жағдайлардың бірін тудырғанын хабарлады.
"Өрт салдарынан Грекияның солтүстік-батысындағы Корфу аралынан 2500-ге жуық адам эвакуацияланды. Сонымен бірге, олардың кейбірі қонақүйлеріне қайта оралып үлгерді", — деп жазады Reuters.
Қатты аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан Родоста орман өрті тұтанды. Кейінгі аптада Грекия оңтүстігінде ауа температурасы Цельсий бойынша 44 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктер аптап ыстықтың ұзаққа созылуы мүмкін екенін ескертті.