Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:48

Грузияда бесінші күн наразылық шерулері өтіп жатыр

1
Фото: из открытых источников

Тбилисиде Грузия үкіметінің Еуропа Одағымен интеграция келіссөзін ысыра тұру туралы шешіміне наразы адамдардың қарсылық акциясы бесінші күн жалғасты.

Парламент маңындағы алаң мен Тбилисидің бас көшесі – Руставели даңғылына жұрт көп жиналды. Полиция оларға жас ағызатын газ бен су шашып, таратуға тырысқан. Алайда наразылар тарқамай тұр.

Грузия ішкі істер министрлігі митинг басталғалы бері парламент алдындағы наразылық кезінде заңсыз әрекеттер болды деп мәлімдеме жасады.

ІІМ инфрақұрылымға зиян келді, адамдар [митингіге] қауіпті заттар алып келіп жатыр деді. Министрлік акцияға шыққандарды заң аясында наразылық білдіруге үндеді, әйтпесе полиция күш қолданады деп ескертті.

Дүйсенбі, 2 желтоқсанда полиция мен арнайы жасақ орталық көшелерден наразыларды күштеп таратуды алдыңғы күндерге қарағанда ертерек бастады.

Азаттықтың Грузин қызметі көп адам ұсталды деп хабарлады.Түнге қарай полиция шеруде жүргендерді парламент алдындағы алаңнан ығыстырды. Адамдар Республика алаңына қарай ойысты Демонстранттар арнайы жасаққа отшашу ұшырса, олар жауап ретінде газ шашты.

Тегтер: