Live

Ақтауда шенеунік инватакси қызметі көрсетілмесе де қаржы аударған

Ақтау қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы инватакси қызметін көрсетуші компанияға нақты орындалмаған қызметтер үшін бюджет қаражатын аударған.

инвотакси

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, мүгедектігі бар азаматтарды қорғау саласына жүргізілген талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өрескел бұзылуы анықталған.

«Ақтау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы инватакси қызметін жеткізушіге көрсетілмеген қызметтер үшін негізсіз қаражат аударған», — делінген ресми хабарламада.

Тексеру нәтижесінде 5,3 млн теңге бюджетке қайтарылған.

Прокуратура актісі негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бөлім басшысын атқаратын лауазымына толық сәйкес еместігі үшін тәртіптік жауапкершілікке тартқан.

Тегтер: инвотакси
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз