Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 05 Желтоқсан 2024

Грузияда оппозиция жетекшілері ұсталды

1
Фото: из открытых источников

Тбилисиде «Өзгеріс үшін коалициясының» жетекшісі Ника Гварамия, сондай-ақ «Күшті Грузия» оппозициялық коалициясы жетекшілерінің бірі Александр Елисашвили тұтқындалып, соққыға жығылған. Бірқатар оппозициялық партиялардың кеңселері тінтілді.

 

Сәрсенбі, желтоқсанның 5-і күні кешке Тбилисиде өткен шеруде «Күшті Грузия» оппозициялық коалициясы жетекшілерінің бірі Александр Елисашвили мен «Ахали» оппозициялық партиясының мүшесі Зураб Датунашвили тұтқындалды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оппозиция наразылық акциясы өткен парламент ғимаратынан алыс емес жерде қонақүйден шығып бара жатқанда ұсталған.

Бірнеше сағат бұрын қауіпсіздік күштері оппозициялық «Өзгеріс коалициясының» жетекшісі Ника Гварамияны ұсақ бұзақылық және полиция талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік айыппен қамауға алды.

"Ол уақытша қамауда, соққыға жығылған", - деді саясаткердің адвокаты Дито Садзаглишвили. 

Желтоқсанның 4-і күні түстен кейін Тбилисидегі бірқатар оппозициялық партиялардың, соның ішінде бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің Бірыңғай ұлттық қозғалыс (БҰҰ) партиясының кеңселері «зорлық-зомбылық ұйымдастыру» бойынша қылмыстық тергеу аясында тінтілді. ІІМ Орталық криминалдық полиция басқармасының бастығы Теймураз Купатадзе жеті адамның қамауға алынғанын хабарлады.

Грузияда полиция парламент ғимараты маңындағы наразылық білдірушілерді таратты

Грузияда елдің еуроинтеграция курсына қайта оралуын талап еткен жаппай шерулер алтыншы күн қатарынан жалғасты. DW агенттігінің Тбилисидегі тілшісінің хабарлауынша, 3 желтоқсан күні кешке қарай арнайы жасақ парламент ғимараты маңында наразылық білдірушілерді тарата бастаған. 

Полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, шерушілерді қамауға алды, олар баррикадалар орнатып, от жаққан. Кейбір демонстранттар пиротехникалық заттарды қолданған. «Медиазона» интернет-басылымының Mtavari Arkhi телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Грузиядағы наразылық акциялары аясында пиротехникалық дүкендер өз қызметін шектей бастады.

«Эхо Кавказа» интернет-басылымының хабарлауынша, ел астанасында ғана емес, Грузияның басқа қалаларында да үкіметке қарсы шерулер өткен. "Медиазона" Батуми мен Кутаисидегі шерулер туралы хабарлады.

Тегтер: