Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:20

Грузияда үкіметке қарсы ауқымды ереуіл жалғасып жатыр

Грузия
Фото: AP

Грузияда жүздеген кәсіпорын жұмысшылары Тбилисидегі орталық даңғылды жауып, жаңа парламент сайлауын өткізуді талап етті.

Грузияда үкіметтің Еуропалық Одақпен интеграциядан бас тарту шешіміне наразылық ретінде сәрсенбі, 15 қаңтарда ауқымды ереуіл басталды. Оған PSP ірі дәріханалар желісі, Fresco азық-түлік дүкендері желісі және Тбилисидегі ең ірі сауда және іскерлік орталықтардың бірі Карвасла сияқты жүздеген компаниялар қатысты. Грузияның ең ірі банктері – Bank of Georgia және TBC еуропалық интеграцияны қолдайтынын және өз қызметкерлеріне акцияға қатысуға кедергі жасамайтынын мәлімдеді.

Шерушілер жаңа сайлау өткізуді талап етіп жатыр

Шерушілер Тбилиси көшелеріне плакатпен шықты. Республика алаңындағы қозғалысты 200-ге жуық адам бөгеді. Paper Kartuli басылымының хабарлауынша, орталық көше Руставели даңғылында да көлік қозғалысы шектелген. Шерушілер биліктегі «Грузин арманы» партиясының саясатына наразылықтарын білдіріп, жаңа парламент сайлауын өткізуді және шеру кезінде тұтқындалғандарды босатуды талап етті.

Interpress News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шерушілерге Грузияның бұрынғы президенті Саломе Зурабишвили де жақында Тбилисиде кеңсе ашып, күрес жалғасатынын ескертті. Шеруді ұйымдастырушылар «жалпы ескерту ереуілімен» тек Грузияны не күтіп тұрғанын – «экономикалық тоқырау, жабылған кәсіпорындар, кедейлік пен жұмыссыздықты» көрсетпек ниетте екенін айтады.

Тегтер: