Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:03, 30 Маусым 2018

Хакан Шүкір террорист пе?

2002 жылғы әлем чемпионатының жұлдызы Хакан ШҮКІР туған жерінде қылмыскер атанып, АҚШ-қа кетуге мәжбүр болған.
Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында түрік футболшылары бұрын сонды жетпеген жетістікке жетті. Төрт жылда бір өтетін футбол додасында қола медаль иеленіп, Хакан Шүкір, Хасан ШАШ, Рүшту РЕЧБЕР есімдері Роналдо, Ривалдо, Роналдиньолармен қатар атала бастады. Туған жерінде «Басфор бұқасы» атанған шабуылшы Хакан әлем чемпионаттарының тарихында ең жылдам гол соққан футболшы болып та тарих жылнамасына атын жазды. Ол үшінші орын үшін өткен матчта корейлерге 10-шы секундта гол соққан.[caption id=«attachment_13911» align=«alignnone» width=«700»]Хакан Шүкір[/caption]Италия, Англия, Түркия біріншіліктерін де өнер көрсеткен футболшы спорттық карьерасын аяқтағанан кейін саясатқа кетті. Алайда саясаткер Хаканның жолы жасыл алаңдағыдай болмады.Парламент депутаты болған футболшы Режеп Тайып ЕРДОҒАН партиясының мүшесі еді. Әйтседе оның Фетхуллах ГҮЛЕНМЕН қарым-қатынасы билікпен араздастырып тастады. Түркия прокуратурасы қарулы террористік топтың мүшесі деп танып, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тақты. 2016 жылы президентке тіл тигізді деп сырттай сотталды.Түркия ұлттық құрамасы үшін 112 ойын өткізген аты аңызға айналған футболшы қазір туған жерінен жырақ өмір сүруге мәжбүр. Отанына оралған жағдайда өмірбақи түрмеге тоғытылуы мүмкін. Әуелі ату жазасына кесілуде ықтимал деп жазады sovsport басылымы.Фотолар: eurosport.ru, sovsport
Тегтер: