Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:32, 04 Мамыр 2019

Халық шеруге Әблязов үшін шыққан жоқ!

Осы күндері жұртпен тікелей байланыстамын. Көптегенсұрақтар түсіп жатыр. Соның бірі – 1-мамырда өткен шерулерге қатысты.

Соғанқатысты айтарым мынау.

Сөзсіз,Конституцияға сай Қазақстанның азаматтары бейбіт жиналыстар, шерулер менмитингілерге шыға алады! Азаматтардың осы құқын жоққа шығарып жатқан ағымдағы заңдарды міндеттітүрде Конституцияға сәйкестендіріп, шынайы демократиялық ахуал қалыптастыру қажет!

Сонымен бірге, 1-мамырда өткеншерулердең үш ерекшелігі бар.

Бірі – ешбір үндеусіз-ақ, өзеркі-қалауымен халықтың көше мен алаңдарға шығып, мереке күні тойлауы шетелдежүрген Мұқтар Әблязовтің арнайы шақыруымен ұштасуы (оның аузынан ақ ит кіріп,көк ит шығап, мені қаралап жатқанына бөлек жауап беремін!). Өткен жолы ол мырзасаяси ұрандарды аутизмге шалдыққан балаларды қолдау күніне орайластырып,бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын екі шаруаны араластырып жібергенінайтып едім.

Екінші жайт Қазақстанда наразы күштердіңэволюциясында жатыр. Жаңа күштер, жаңа идеялар, жаңа тұлғалардың уақыты келді!Олар саяси өмірдің алаңына шығып жатыр. Оларға үйреншікті оппозициялық ұйымдармен форматтар тарлық әрі аздық етеді. Олар да өзінің белсендік таныту мүмкіндіктерініздестіріп жатыр.

Осы күндері маған 1-мамырда тұтқындалған80 адамның бірнешеуі хабарласты. Сонда айтқандары екі нәрсе.

Бірі: «Аға! Біз Әблязовтың айтуыменшыққан жоқпыз! Біз өз қалауымызбен шықтық!».

Екіншілері: «Әблязов шақырды, келдік.Өзі немесе оның адамдары қайда?».

Үшінші жайттың астары тіпті терең. Солжігіттердің маған айтуынша, өз мәселелерін бейбіт түрде танытқысы келгенкөпшіліктің ішінде жағдайды мейлінше ушықтырғысы келіп-ақ тұрған, ұр да жықмінез танытып, көпе-көрінеу ұрынып бірді-екілі адамдар да болыпты.

Алда сайлау. Оған мен кандидат ретіндетіркелемін бе, тіркелмеймін бе, білмеймін.

Бірақ, осы жылдар бойына айтып кележатқан позициямды айтып қалайын!

2011 жылы да Жаңаөзендегі мұнайшылардыңбейбіт ереуілі белгілі бір күштердің араласуымен тұрды. Бізге теледидарданкөрсеткен бұзақылықтарды жүзеге асырған мұнайшылар емес, мүлдем басқа адамдар!

Ертеңгі күні осындай шерулер орын алыпжатса, дәл осындай құйтырқылықтар қайталанбай ма?! Нәтижесінде бас жарылып, қантөгілмей ме?! Өз құқын қорғап, алаңға шыққан азаматтарды басқа біреулерқасақана арандатып, бейбіт шараға шыққан ағайын «экстремист» боп шыға келмейме?!

Мәселен, күні кеше жас қыздардың қолынбұрап, тұтқындап жатқан полицейлердің масқара фотоларын өз көзімізбен көрдікқой!

Осы жағдайда билік, құқық қорғауоргандары кімнің кім екені айыра ала ма, әлде барша жұртты бүлікшіл ете салама?!

Демократиялық күштер қатарында жүріп бізде талай митингілер ұйымдастырдық. Сол кезде сол шараға өз жауапкершілігімізайқын сезінетінбіз. Соның ішінде — митинг өткізу кезіндегі қоғамдыққауіпсіздікті қамтамасыз ететінбіз. ол үшін арнайы топтар жасақтайтынбыз.

Меніңше, осынау қоғамдық-құқықтықтығырықтан шығудың екі ғана жолы бар.

Бірі – митингілер туралы заңнаманыдемократияландыру.

Екіншісі – саяси арандатулардың алдыналу, бейбіт митингілердің мәні мен мақсатын бұрмалауға жол бермеу.

Әзірше осы.

Дереккөзжәне фото: facebook.com

Тегтер: