Атырауда 150-ден астам қыз хиджаб кимегені үшін мектепке барудан бас тартты ма? Министр жауабы
Білім министрі Ғани Бейсембаев бүгін Қазақстанда оқушы қыздардың хиджаб кию мәселесі шешілгенін айтты.
Үкімет отырысында өткен брифингте журналистер Білім министрінің Атырау облысында 150 қыз хиджабын шешуге келісім бермегендіктен мектепке бармағаны туралы ақпаратын нақтылады.
Министрдің айтуынша, Атырау облысында хиджаб киюге тыйым салынғандықтан мектепке бармаған 150-ден астам қыз бар, бірақ ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
"Мектеп балалардың сапалы білім мен тәрбие алуы үшін құрылғанын бәріңіз жақсы түсінесіздер. Сондықтан ата-аналардың көпшілігі түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта басқа өңірлерде хиджаб киген оқушылардың нақты саны туралы мәлімет менде жоқ. Маған берілген мәлімет бойынша ондай оқушы жоқ", - деп жауап берді Ғани Бейсембаев.
Министр хиджабқа қатысты оқу жылының басында проблемалар болғанымен, қазірде шешілгенін айтты.
"Басында проблема болды. Қазір бұл мәселе толығымен шешілді. Ата-аналар мектептің бірінші міндеті сапалы білім мен тәрбие алу екенін түсіне бастады. Бірін екіншісімен шатастырмау керек", - деді ол.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда кейбір діни киімдерді киюге шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан болатын.
Ол брифинг барысында дәстүрлі ағымдар мен қатар теріс ағымдардың да белсенді жұмыс істеп жатқанын айтқан еді. Соған орай алдағы уақытта хиджаб, никаб кию көпшілік ортада тыйым салу мүмкін екендігін де мәлімдеді.
"Қоғамдық орындарда оранып алған адамдарды тану мүмкін емес. Әлемдік тәжірибеден көріп жүрмін. Бұл алдымен мемелекеттің қауіпсіздігі. Сондықтан алдағы уақытта зерттелетін болады. Әрине мамандардан бөлек қоғаммен де санасамыз. Бұл бағытта біз жұмыс істейміз. Жаңа заң немесе заңға түзету енгізу уақытты алады. Одан кейін мәжіліс пен сенатқа ұсынылады. Жақында бұл сұрақты қарастыратын боламыз" – деді ол.
Айта кетейік, оқу жылы басталған уақытта оқушылардың хиджаб киіп, мектепке баруы дау тудыратын мәселе. Бұған қатысты қоғам пікірі екіге жарылып – бір топ қолдаса, екіншісі қарсы шықты.
Әр өңірлерде хиджаб кимегені үшін мектепке барудан бас тартқан оқушылар да болды. Мысалы, қыркүйек айының соңында 72 оқушы хиджаб кимегені үшін сабаққа барудан бас тартқан.
Білім басқармасының басшысы Жансұлу Төремұратов сол кезде қыздардың ата-анасымен түсіндіру жұмысы жүргізілгенін айтқан болатын.
"Оқу жылының басында 112 оқушы хиджабпен сабаққа барды", - деген еді ол.
Кейіннен білім бөлімі мен мектеп әкімшілігі ата-аналар комитеттерімен бірлесе атқарған жұмыстардан кейін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сай 40 қыз бала мектепке барған.
Кейіннен мемлекет басшысы мұғалімдер съезінде Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, мектеп алдымен білім ордасы екенін еске салған болатын.
"Ал діни ұстаным – әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын", - деді Тоқаев.