Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 04 Қыркүйек 2023

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын Азия ойындарына қатыстырмайды

None
None

23 қыркүйекте басталатын Азия ойындарына Ресей мен Беларусь спортшылары қатыса алмайды.

 Бұл туралы The Indian Express басылымы Азия Олимпиадалық кеңесіне (OCA) сілтеме жасап хабарлады.

«2023 жылғы Азия ойындарына ресейлік және беларусь төлқұжаттары бар спортшылардың қатысу тұжырымдамасы әзірленіп жатқан болатын, бірақ техникалық себептерге байланысты ол орындалмайтын болып шықты», — деп хабарлады Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК).

«Ресей мен Беларусь спортшылары Азия ойындарына қатыспайды, бұл ХОК шешімі», — деді ХОК өкіліInside games басылымына берген мәлімдемесінде.

Украина соғысына байланысты Ресей мен Беларусь спортшылары үшін шектеулер

Ресей Украинадағы әскери қимылдарын бастаған бойда ХОК Ресей мен Беларусьқа халықаралық спорт жарыстарына қатысуға тыйым салды. Бірнеше айдан кейін комитет спорт федерацияларына ресейліктер мен беларусьтерге белгілі спорт түрлерінде және қатаң шарттарды сақтай отырып, бейтарап спортшылар ретінде оралуға рұқсат беруді ұсынды.

Бұл ұсыныс 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына және 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға қолданылмайды, деп еске салады Inside the games. ХОК осыған қатысты шешім «тиісті уақытта» қабылданатынын хабарлады.

Шілдеде БАҚ 2023 жылғы Азия ойындарына бейтарап мәртебеде 500-ге жуық ресейлік және беларусьтік спортшы қатыса алатынын хабарлады. Жарысқа қатысу спортшыларға Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік береді.

Тегтер: