Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:46, 27 Наурыз 2020

ХВҚ кеңесі Қырғызстанға 121 млн доллар көлемінде қаржылай көмек беруді мақұлдады

None
None

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) кеңесі COVID-19 пандемиясымен күреске деп Қырғызстан үкіметіне 120,9 млн доллар көлемінде қаржылай көмек беруді мақұлдады.

Қордың реттеуші директоры Кристалина Георгиеваның айтуынша, COVID-19 індеті "Қырғызстан экономикасына ауыр соққы болып тиген және қаржыға тәуелділігін арттырған".

Георгиеваның айтуынша, қаржылық көмек донорлық қолдауға серпін беріп, коронавирусқа байланысты туындаған шығынды жабуға көмектеседі, денсаулық саласына бөлінген қаржыны өз мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы апта басында ХВҚ эпидемия басталған уақыттан бері ұйымның алғашқы қаржылай көмегін Қырғызстан алуы мүмкін деп топшылаған. Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері ХВҚ-дан қаржылық көмек сұраған. Ұйымның айтуынша, бұл өтініштерге жылдам жауап беру жағы қарастырылып жатыр.

Соңғы дерек бойынша, Қырғызстанда 44 адамнан коронавирус табылған. Сарапшылар тест жетіспегендіктен коронавирус жұққан адамдардың нақты санын анықтау мүмкін емес дейді.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: