Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 24 Желтоқсан 2019

ІІМ: Бір апта ішінде жүзден астам жол апаты тіркеліп, 39 адам қаза болды

None
None

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 24 желтоқсанда өткен үкімет отырысында өткен аптада жүзден астам жол апаты тіркеліп, 39 адамның қаза болғанын мәлімдеді.

Шамамен 160 адам жараланған.

Оның айтуынша, жол апатының көбеюіне негізінен қолайсыз ауа райы және жүргізушілердің жол ережелерін сақтамауы себеп болып отыр.

ІІМ дерегінше, 16-22 желтоқсан аралығында мыңнан астам көлік қарға тығылып, жолда қалған. Өткен аптада 22 желтоқсанға қараған түні Алматы — Ташкент — Термез бағытындағы трассада бір автобус және бірнеше жеңіл көлік жолда қалып, ондаған жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланған.

Тұрғымбаевтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жол жағдайы ерекше қиын болып тұр.

Жақында болған ірі жол апатынан кейін жол қауіпсіздігі мәселесі қоғамда қызу талқыланған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, желтоқсан айының басында министр Ерлан Тұрғымбаев Батыс Қазақстан облысындағы полицейлердің қатысуымен болған жол апатына байланысты түсініктеме беріп, кінәлілерді жазалау және аймаққа комиссия жіберу мәселесі бойынша есеп берген.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп болатын әлемдегі бес елдің қатарына енеді. Көлік апаттарының негізгі себебі ретінде жол ережесін сақтамау және жол сапасының нашарлығы аталады.

Видео: Қызылордадағы автобус апаты. Оқиғаның анық-қанығы (3 желтоқсан 2019 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="Қызылордадағы автобус апаты. Оқиғаның анық-қанығы" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Қызылордадағы автобус апаты. Оқиғаның анық-қанығы please wait Embed Бөлісіңіз
Қызылордадағы автобус апаты. Оқиғаның анық-қанығы
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30305209.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: