Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:18, 14 Тамыз 2020

«iKomek» орталығына 7 мың қоңырау түскен

Шымкент қаласыныңәкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен «iKomek» жедел қызмет ету орталығы ашылғанболатын.

Күнікеше қала басшысы орталықтың жұмысымен танысып қайтты. Қалада көрсетілетінқызметтердің тиімділігін арттыруда аталған орталықтың қосар үлесі мол екенінесенім білдірген қала әкімі, мекеме шаһардағы күрмеуі шешілмеген көп мәселеніанықтап, жедел әрі сапалы шешілуіне ықпал ететінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың барлық өтініш-тілектерінжедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын іске асыруды айтқан болатын. Аталған орталықтың жұмысы — осытұжырымдамада көрсетілген барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімдіәрекет етуге бағытталуы тиіс»,-деді қала басшысы.Үшінші мегаполистегі қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ашылған «109»бірыңғай телефон нөміріне бір ай көлемінде 7000-ға жуық қоңырау келіп түсіп,олардың 95 пайызы қанағаттандырылған. Орталыққа қазір негізінен карантинрежіміне қатысты сауалдар келіп түсуде.Қазіргі таңда орталықта жалпы 33 маман үш бағытта жұмыс істейді. Әуелітұрғындардан келген өтініш-шағымдарды оператор қабылдап, одан әрі инспекторсұрақтың сапасы мен мазмұнын бақылап, атқарушы органдарға бағыттайды. Үшіншісі,тапсырманың орындалуын қадағалайды.«iKomek» жедел қызмет ету орталығы тұрғындардың өтінішін күндіз-түні қабылдап,мемлекеттік жұмыстың қызметін ашық әрі қолжетімді етуді көздейді. Осыған дейін30 мекемемен байланыста болса, енді қызмет көрсету аясын кеңейтіп, олардыңқатарын 300-400-ге арттыруды жоспарлап отыр.

Тегтер: