Індетпен күресу – міндет ал дәрігерлерге құрмет қайда?

Күрсінісікүннен-күнге жиілеп, өкініші қарғы адым жерден қайғы болып қабырға қайыстырабастаған COVID-19 індетіне тоқтам салуға атқарушы билік дәрменсіз күйде отыр.
Бірін-біріөкшелей келіп, өмірмен қош айтысқаны туралы естілетін өлім хабарлары да қарашахалықтың көкейіне өксік болып тығылып, жас төктіріп жатыр. «Тағдырдың маңдайғажазғаны осы» деп, көнген сыңай танытудың да мерзімі өткенін мезгілсіз көзіңекөрінетін «ажал сыйлаған» ақпараттар дәлелдей түсуде.
Сонымен, мұндай ауыр халденаман-есен шығу қазір шығыс өңірде өте қиын, өзекті мәселеге айналып отыр. Алысқаұзамай-ақ, о баста осы індетпен аурухана төсегіне таңылған науқастарды қазаныңқақпанынан құтқаруға міндеттелген дәрігерлердің өзі де қалай қатарын сиреткенінбайқамай қалды.
Еліміздіңденсаулық сақтау министрлігі 13 шілде – Ұлттық аза тұту күнінде коронавирусқақарсы күрес жолында өмірден өткен дәрігерлер тізімін жариялаған болатын. Бұлтізімде қаламызға аты белгілі екі дәрігер ғана енгені («Семеймедицина университеті» КЕАҚ университеттік госпиталінің жүрек-қан тамырларыхирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Бекжан Бұланов (1974 жылы туған) жәнемедицина ғылымының кандидаты, «Семей медицина университеті» КЕАҚ факультеттіктерапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпиталь гастроэнтерологиябөлімінің дәрігері Нұргүл Бәркібаева (1970 ж.т.) көкейдегі онсыз дакүмәнді сауалдарды көбейтіп жібергендей болды. Өйткені Семейде ұйқы-күлкініұмытып, бар күш-жігерін сырқаттарды ажалдан алып қалуға жұмсау жолында қазатапқан бес дәрігер еді.
Жергілікті атқарушы билікөкілдері «пневмония сырқатынан өлгендіктен» деген шала түсінік беріп, тізімгекірмей қалған семейлік дәрігерлер кімдер еді? Семей медицина университетініңсайтында жарияланған хабарламаларға зер салар болсақ, олардың қайсысы болсынмойындалған, тәжірибелі, кәсіби біліктілігі мықты мамандар. Айталық, денсаулықсақтау министрлігі жариялаған қаралы тізімнен қалтарыста қалған бір дәрігер – шілдеайының 9-жұлдызында дүниеден өткен Сәуле Серғазина. (Этикалық талаптарды сақтай отырып фотосуретін газет бетіндежариялағанды жөн көрмедік – авт.) Семей медицина университетінің сайтындағыдерекке жүгінсек, Сәуле Кеңесқызы 1986 жылдан 2017 жылға дейін облыстықаурухананың балалар емханасының интенсивтік терапия және жансақтау бөлімінде ағамейірбике қызметін адал өтеген. Алайда Сәуле Кеңесқызының қандай жағдайда көзжұмғаны туралы мәліметті қанша анықтағымыз келгенімен, нақты ақпарат білуқиынға түсті.
10 шілдекүні қайтыс болған тағы бір дәрігер – Зейнеш Қайназарова. 1962 жылы Көкпекті ауданы Ивановка ауылында дүниегекелген. Оның медицина саласындағы жалпы еңбек тәжірибесіне 37 жыл болыпты. Облыстықаурухананың неврология бөлімшесінде еңбек еткен Зәуре Мұқашқызы қызметін белсенді атқарып, өзі істеген бөлімшеніңжұмысын жандандырудан аянбаған. Семей медицина университетінің сайтында жарықкөрген там-тұм мәліметке сүйенсек, ол сырқат жандардың қайсысына болсын өзжақынына сай жанашырлықпен қарай білетін дәрігер ретінде мойындалған.
Ғұмыр жасы сексеннің сеңгіріне жетер шағында мәңгілік мекеннен тұрақ тапқан еңбекардагері, білім беру және денсаулық сақтау саласының үздігі Орал Әділхановшілде айының 2-сі күні дүниеден өткен. Семей медицина университетінің біліктіұстаздарының қатарында талай талантты дәрігерлерді тәрбиелеген ол 1980 жылдан 2009жылға дейін шет тілдер кафедрасында жемісті еңбек еткен. Әрине, бұл еңбекардагері өзінің кәсіби қызметін атқару үстінде дүние салмауы мүмкін, бірақ таоның ұшан-теңіз еңбегі мен қызметіне көз жүгірткен жан осы індеттің қармағынаілікпегеніне кепілдік бере алмаса керек.
Сонымен, қалай құбылтып, коронавирус індетінеілікпегендігін дәлелдегісі келсе де, атқарушы биліктің дәрменсіздігі салдарынандәрігерлер де шарасыз күйде жан тапсырды. Ал пандемия дабылы алғаш естілгенсәттен шұғыл әрекетке кіріскен сыңай танытқан үкіметтің дәрігерлер індетжұқтырған жағдайда 2 млн теңгеден астам, ал қазаға ұшыраған жағдайда 10 млнтеңге көлемінде өтемақы төлейтінін «қоңыраулатқан» уәдесі қаншалықтыорындалатыны тағы да жұмбақ. Өйткені шығыс өңірі түгіл, ел аумағында өтемақыалып, «шүкіршілік» айтқан дәрігер қарасы тағы да көрінбейді.
Ал, бірақ, бұл тұрғыда біздің айтқымызкелгені – Семей қаласы әкімдігінің пандемия салдарынан көз жұмған дәрігерлертуралы жұмған аузын ашпағандығы. Егер Семей медицина университеті егіле жылап,өз әріптестерінен шілде айында бірінен соң бірінен айырылып қалғанын әлеуметтікжелі арқылы хабарламағанда, қаралы тізімнен қалтарыста қалған үш дәрігердің кімболғанынан бейхабар қаларымыз анық еді. Ал таяуда ғана коронавирус індетіненжазылып шығып, жұмысқа кіріскенін мәлімдеген Семей қаласының әкімі ЕрмакСәлімов бұған қатысты қандай уәж айта алар екен? Бәлкім, қарамағындағы бөлімбасшыларының салғырттығы салдарынан БАҚ өкілдері үшін қиынға түскеніненбейхабар болар. «Анықтап көрейік, нақтылау үстіндеміз» деген сараң жауаптанбасқаға жақ ашуға ерінетін жас шенеуніктердің әлі күнге дейін «көзі жұмулы»қалпына куә болғаннан өзге амал жоқ.
Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаевдәріханаларды қажетті дәрімен қамтамасыз етуді тапсырғанымен, бұл тұрғыда Семейәкімдігі қандай қорытынды шығарды? Дәріханаларда маска бар болғанымен, халыққақажетті дәрілерді табу неге қиынға түсіп отыр? Қаладағы ауруханаларда неге әлікүнге дейін орын жоқ? Қанша сырқат жазылып, қазір пандемияның таралу көрсеткішітөмендеді ме? Осыдан бірер күн бұрын «мясокомбинат ауруханасы» аталып кеткен №2аурухананың алдына келіп жығылып, артынша орнынан тұрып, «үйіне кетіп қалған» ананыңқазіргі халі түзелді ме?
Өкінішке қарай, бұл сұрақтар күн өткенсайын көбейіп, көкейімізге кептеле түскенімен, жергілікті әкімдік жауап беругеқұлықсыз. Бәрін біліп отырғанымен, халықты дер кезінде хабардар етуге келгендекежегесі кейін тартатын жергілікті шенеуніктердің жауапсыздығынан семейліктерорасан зор зиян шегіп отыр.
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Шығыс Қазақстан облысы