Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:48, 25 Тамыз 2020

Індеттің таралуы төмендеп келеді

None
None

Шымкентте Сovid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілігі — 0,62 пайызды  құрайды. Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол көрсеткіш 1 пайыздан төмен болса, вирус жұқтыру төмен деңгейде деген сөз.

Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тікелей басшылығымен коронавируспен күрес бойынша арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелерінің қатарында – денсаулық сақтау, полиция және қалалық басқармалардың өкілдері бар.

Тегтер: