Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:20, 21 Шілде 2023

«Инфодемияның» қаупі пандемиядан кем емес

None
None

Бүгінгінің адамы кез келген ақпаратты алысқа бармай-ақ таба алады. Ол үшін қолындағы телефонға үңілсе жеткілікті.

Қолданыстағы гаджеттерге күніне қаншама ақпарат келіп түсетінін барлығы жақсы біледі.  

Жаңалықтан хабардар болу үшін газет ақтарып, теледидардың алдында телмірмейді. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарының өзі жұмыстарын электронды нұсқада жүргізеді. Бізді қоршаған дижитал заманда ақпараттың қайдан, қандай мақсатпен шыққанын, қаншалықты сенімді екенін анықтау одан сайын қиындай түсті. Оған пандемия кезінде толық көз жеткіздік. Коронавирус туралы бұрмаланған ақпараттар әр отбасында талқыланды. Бұған шүбә келтірмейтініміз анық. Вакцина салған жерді магнитпен тексерген талайды көрдік, әлі көретінімізге сенімдімін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданысқа пандемиядан қаупі кем емес «инфодемия» терминін енгізді. Осы орайда медиасауат жалған ақпараттан қорғайды. Біз тұтынатын түрлі контенттер мен қабылдайтын ақпараттардың ішінде жеңіл әзіл, пранк сияқты зиянсыз көңіл көтеретін жазбалар да кездеседі. Алайда осындай ағын «ақпараттың» арасында бұқараны дүрліктіру, алауыздық тудыруды, сенімсіздік ұялатуды көздейтін жалған ақпараттар легі де күшейіп келеді. Соған байланысты БАҚ фактчекингпен айналысатын ресурстардың пайда болуы қоғамға пайдасы зор. Жалпы, күмәнді ақпарат немесе фактіні қаншалықты рас-өтірігін екенін анықтайтын «фактчекинг» термині жаңа медиаға дәстүрлі журналистикадан келген.

Нақтылай кетсек, журналист этика ұстанымы негізінде қолына түскен мәліметке объективті, тәуелсіз қарап, тексеріп алуы тиіс. Осылайша, шынайы ақпарат жасалады. Жалған ақпаратты тексеруші фактчекер де осы ұстанымды басшылыққа алады. Елімізде жалған ақпаратты анықтап, жоққа шығарумен айналысатын Factcheck.kz және Stopfake.kz жобасы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар 20-21 мамыр күндері Астана қаласында алғаш рет «СанаФест» медиасауат және мисаулық фестивалі өтті. Фестивальде эксперттер медиасауаттылыққа қатысты ақпараттармен бөлісіп, жалған ақпараттың қоғамға тигізетін әсерін анықтады. Мысалы, психолог Гүлнұр Сапарова «Фейкке сенудің психологиялық себептері» деген тақырыпта сөз қозғап, жалған ақпараттың манипуляциялық құрал ретінде қарастырып, онымен күресу психологиясына тоқталса, «Factcheck.kz» журналисі Төлепберген Мәліков «Пост-ақиқат дәуіріндегі фейктер» тақырыбында лекция оқыды.

Тегтер: