Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:17, 17 Тамыз 2020

Инфрақұрылым мәселесі шешімін тапты

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің шалғайдаорналасқан елді мекендердіинфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Әл-Фарабиауданындағы Текесу тұрғын алабындағы проблемалар өз шешімін тапты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл  аталған тұрғын алапқа шағал тас төселіп, 3көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал өткен жылы негізгі көшесіне демеушілертарапынан жарық бағаналары орнатылған болатын.

Бұған дейін тұрғындар электр және газжүйесімен толығымен қамтамасыз етілген еді. Үздіксіз ауыз суменқамтамасыз ету мақсатында, ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуүшін бюджеттен 17 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарыаяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Тегтер: