Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:56, 17 Шілде 2020

Инвестор ашқан стационарда 200 науқас емделіп шықты

 

Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде344 науқас жатқызылып, олардың  200-гежуығы емделіп шықты.

400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдіктінауқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады

Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буынмедицина қызметкері бар. Мұнда 34 оттегі балонын қолдану мүмкіндігіқарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен қамтылған, науқастарға күніне3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Барлық санитарлық талаптар сақталған.

Жалпы қалада бүгінгі күні коронавируспен күреске арналған 650 төсек-орын, 26 жерден 3110төсек-орындық провизорлық стационар, ал ауыр дәрежедегі науқастарға 136жансақтау төсек-орын жасақталды.

Тегтер: