Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 20 Шілде 2023

Иран актрисасы хиджаб кимегені үшін екі жылға қамалды

None
None

Иран кино және теледидар актрисасы Афсане Байеган халық алдына хиджабсыз шыққаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Fars News жазды.

Белгілі болғандай, актриса фильм көрсетіліміне хиджабсыз шыққан, кейін әлеуметтік желіде суреттерін жариялаған.

Заңды орындамағаны үшін Байеган екі жылға бас бостандығынан айырылып, бес жылға дейін бас бостандығы шектелді Сондай-ақ әйел «отбасыға қарсы тұлғаның психикалық бұзылуын» емдеу үшін апта сайын психологқа баруы керек, содан кейін денсаулық жағдайы туралы есеп береді.

Сондай-ақ оған екі жылға Ираннан шығуға тыйым салынған.

Бұған дейін Иран моделі Махлага Джабери Канндағы қызыл кілемде мойнына арқан салынған киімімен шыққан болатын. Ол мұндай киімді туған еліндегі «ату жазасына және диктатураға қарсы наразылық» ретінде киген.

Тегтер: