Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:05

Иран Лариджани мен«Басидж» басшысының қаза тапқанын растады

Лариджани
Фото: aa.com

Иранда Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) ерікті әскери құрылым – «Басидж» ұйымының қолбасшысы Голамреза Сулеймани қаза тапқанын растады. Сонымен қатар Иранның Қауіпсіздік кеңесі өз хатшысы Әли Лариджанидің де қаза болғанын ресми түрде мәлімдеді.

Бұған дейін Израиль армиясы – ЦАХАЛ Тегеранға 16 наурыз күні жасалған соққы нәтижесінде Голамреза Сүлеймани жойылғанын хабарлаған еді. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац сондай-ақ Әли Лариджанидің де әуе соққысы кезінде көз жұмғанын мәлімдеген. Алайда Иран тарапы бұл ақпаратты бірден растамаған.

ИРСК Сүлеймани өлімін растады

ИРСК-қа жақын FARS агенттігі Голамреза Сүлейманиге арналған некролог жариялап, оны «құрметті шейіт» ретінде атады. Онда корпус өкілдері оның қазасына байланысты кек қайтарудан бас тартпайтынын мәлімдеген.

ИРСК ресми сайтында да Сүлеймани «жаудың террористік шабуылының құрбаны болды» деп көрсетілген.

«Басидж» ұйымы ИРСК-ке бағынады және ел ішінде идеологиялық бақылау мен режим қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқарады. Бұл құрылым Ирандағы үкіметке қарсы наразылықтарды басумен де айналысады. 

Әли Лариджанидің рөлі

Әли Лариджани Иран билігіндегі маңызды тұлғалардың бірі саналған. The New York Times дерегінше, Израиль және АҚШ-пен соғыс басталар алдында ол елді іс жүзінде басқарған.

Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи оған 2026 жылдың басында наразылықтарды басу және соғысқа дайындық жұмыстарын тапсырған. Сонымен қатар Лариджани Ресей, Қатар және Оманмен байланыстарды үйлестіріп, АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді басқарған.