Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:16

Иран Patriot жүйесін айналып өтетін зымырандарды қолданған – БАҚ

Иран зымырандары
Фото: Tasnim

Иран әскері Катардағы газ зауыттарына жасалған шабуыл кезінде АҚШ-тың Patriot әуе қорғаныс жүйелерін айналып өтетін заманауи зымырандарды қолданған. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 18–19 наурыз күндері Рас-Лаффан қаласындағы газ нысандары соққыға ұшыраған. Бұл шабуыл АҚШ пен Израильдің Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орнына жасаған шабуылына жауап ретінде жүзеге асқан.

Басылымның жазуынша, қолданылған зымырандар маневр жасау қабілетіне ие және америкалық Patriot жүйелерін айналып өте алады.

Аймақтағы әскери қақтығыс 28 ақпаннан бері жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде тараптар бір-бірінің мұнай-газ инфрақұрылымына соққы жасауда.

Шиеленістің күшеюі Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының айтарлықтай шектелуіне әкелді. Бұл бағыт әлемдік мұнай мен сұйытылған газ жеткізудің негізгі жолдарының бірі саналады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран бұғазды ашпаса, оның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасалатынын мәлімдеген. Өз кезегінде Тегеран бұғазды толық жабу және өңірдегі мұнай-энергетика нысандарына жауап соққы беруі мүмкін екенін ескертті.