Иран Украинаның аумақтық тұтастығын қолдады
Иран кез келген елдің, соның ішінде Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді және «соғысты саяси диалог арқылы тоқтату қажеттігін» атап көрсетеді.
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдуллахиян мәлімдеді, деп хабарлайды IRNA.
Сонымен бірге ол Ресейдің Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесімен стратегиялық диалог туралы қорытынды декларацияға қол қоюына тағы бір рет наразылығын білдірді. Абдуллахиянның айтуынша, ол жерде «Иранға қарсы тармақ бар. .»
Құжат Біріккен Араб Әмірліктерінің Иран өзінікі деп санайтын Ормуз бұғазындағы үш аралға (Әбу Мұса, Үлкен Тунб және Кіші Тунб) қатысты дауды шешу бастамасын қолдайды.
Иран Ресейге Украинаға қарсы соғыста белсенді қолданылатын пилотсыз ұшақтарды жеткізеді. АҚШ мәліметтері бойынша, 2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың мамырына дейін Ресей Ираннан негізінен Шахед типті 400-ден астам пилотсыз ұшақ алған және олардың көпшілігін Украинаның маңызды инфрақұрылымына шабуыл жасау үшін пайдаланған.
«Ресейді осы пилотсыз ұшақтармен қамтамасыз ету арқылы Иран Украинадағы соғысқа тікелей үлес қосуда», — дейді Вашингтон.