Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:30

Иранда режим ауыса ма? – Ирантанушы Жәнібек Көпжасармен сұхбат

Трамп, Хаменеи, Көпжасар
Фото: Жас Алаш коллаж

Ақпанның 28-і күні АҚШ пен Израиль Иранға бірлескен аса ірі әскери операция бастады. Бұл кейінгі жылдардағы ауқымды шабуыл болып, негізінен Иранның ядролық және әскери нысандары көзделді.

 Нәтижесінде 86 жастағы Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи қаза тапты. Сондай-ақ Хаменеидің жақын туыстары – қызы, күйеу баласы мен немересі – осы соққы кезінде опат болғаны хабарланды.

Израиль әскери деректеріне сүйенсек, Иран қорғаныс саласының жеті бірдей жоғары лауазымды тұлғасы көз жұмған. Солардың қатарында бірқатар негізгі шенеуніктер бар. Жалпы АҚШ пен Израильдің әскери соққылары тек ядролық және әскери нысандарды ғана емес, Иранның билік архитектурасының өзегін нысанаға алғаны байқалады. Сонымен қатар, Иран аймақта жауап соққыларын бастап, Таяу Шығыстағы шиеленісті жаңа деңгейге шығарды. Парсы шығанағындағы мемлекеттер, Ормуз бұғазы, Ливан бағытындағы қақтығыстар – барлығы бұл соғыстың аймақ шеңберінен шығуы мүмкін екенін көрсетеді.

Қазір көпшіліктің көкейіндегі сұрақ: Иранда режим өзгере ме, әлде жүйе жаңа, одан да қатаң формада қайта қалыптаса ма? Және бұл өзгерістер Қазақстанға қалай әсер етеді? 

Бүгін осы және өзге де сұрақтарды ирантанушы Жәнібек Көпжасарға қойдық.