Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:00

Ирандағы зауытқа жасалған соққы: МАГАТЭ радиация туралы мәлімдеме жасады

иран
Фото: АР

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Иранның Натанз қаласындағы ядролық нысан аумағындағы ғимараттарға соққы жасалғанын растады.

Агенттік мамандары жаңа спутниктік суреттерді талдап, жерасты уран байыту зауытына кіреберіс бөлігінде зақымдану тіркелгенін анықтаған.

Оқиғаның салмағына қарамастан, МАГАТЭ экологиялық қауіп-қатерге қатысты қоғамды сабырға шақырды.

«Радиацияның таралуы тұрғысынан қандай да бір салдар күтілмейді», — делінген агенттіктің X әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасында.

Сарапшылардың мәліметінше, зауыттың жарылыс тіркелмеген.

Айта кетейік, Натанздағы зауыт 2025 жылдың жазында Израиль мен АҚШ тарапынан жасалған алдыңғы шабуылдар кезінде де ауқымды зақым алған болатын.

 Натанздағы нысан — Иранның ядролық бағдарламасының негізгі элементтерінің бірі. Ол жер астында орналасқан, бұл әскери сарапшылардың пікірінше, әуе соққыларынан қорғану үшін жасалған. Алайда кіреберістегі жерүсті инфрақұрылым осал болып қала береді.

Тегтер: