Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:29

Иранның жаңа жоғарғы көсемінің жарақат алғаны расталды

Моджтаба Хаменеи
Фото: IRNA

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи елдің жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи жарақат алғанын растады.

Багаи италиялық Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында Моджтаба Хаменеи жараланғанымен, өзін жақсы сезінетінін айтқан.

«Ол жарақат алды, бірақ өзін жақсы сезінеді. Оның ел алдына қашан шығып, сөз сөйлейтінін білмеймін. Жоғарғы көсем лауазымына үш-төрт адам үміткер болған, алайда Сарапшылар кеңесінің көпшілігі осы үміткерді таңдады», - деді Багаи.

Айта кетейік, Иранда жоғарғы көсемді елдің діни-саяси органы — Сарапшылар кеңесі сайлайды.