Испаниядағы Rheinmetall зауытындағы жарылыстан зардап шеккендер бар
Испаниядағы неміс Rheinmetall концерніне қарасты әскери зауытта жарылыс болды. Өрт 2000 шаршы метр аумақты шарпыған. Алты адам жарақат алды. Себептері анықталуда.
Испанияның Мурсия провинциясында неміс Rheinmetall қорғаныс компаниясына тиесілі әскери зауытта жарылыс болды. Алты адам жарақат алды.
Испаниялық БАҚ төтенше жағдай жергілікті уақыт бойынша сағат 16:20-да жарылғыш заттар сақталған зауыт қоймасында орын алғанын хабарлайды. Өрт сөнгенше 2000 шаршы метр аумаққа жайылған. Алты жұмысшы зардап шекті. Олардың бірі 52 жастағы ер адам басынан жарақат алған. Зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жеткізілді, біреуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Жарылыстың себептері анықталуда.
Жарылыс болған зауыт неміс Rheinmetall Expal Munitions концернінің бөлімшесі болып табылады. Ол артиллериялық оқ-дәрілерді, миномет снарядтарын және орташа калибрлі снарядтарды, сондай-ақ зымыран сақтандырғыштары мен қозғалтқыш жүйелерін өндіруге маманданған.