Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:52, 15 Маусым 2024

IT-Aiel-2024: Қазақстан әйелдеріне арналған мүмкіндік

IT-Aiel
Фото: alfa

2024 жылы әйелдерді цифрлық дағдылар мен фрилансингке оқытуға бағытталған IT-Aiel жобасының екінші легі іске қосылды.

 12 маусымнан бастап ІТ саласында өз мансабын бастап, жетәістікке жеткісі келетін әйелдер аталған бағдарламаның екінші легіне өтінімдер қалдыра алады. Өтінімдерді қалдыру үшін мына сілтемеге өтіңіз. Қатысуға өтінім 24 маусымға дейін қабылданады. Бұл жобаға қатысатын әйелдер No code, Freelance School және E-commerce бойынша бағдарлама бойынша тегін білім ала алады.

IT-Aiel – қандай жоба?

IT-Aiel – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен басталған Astana Hub бастамасы. Оқыту нәтижесі бойынша IT-Aiel бағдарламасының барлық түлектері электронды сертификат алады. Ал бағдарламаның ең белсенді және дарынды 100 қатысушысы Astana Hub-қа салтанатты шараға шақырылады.

Бұл бағдарлама, көптеген әйелдерге жаңа салада өз мүмкіндігін асыруға көмек береді. Мысалы, Яна Тен басқаратын ZebraEye жобасы. Бұл дәрігерлерге сирек кездесетін көз ауруларын медициналық суреттер арқылы диагностикалауға көмектесетін AI-ге негізделген шешім. Стартап жуырда Web Summit Qatar 2024 көрмесінде таныстырылды. Көрмеге келгендер бұл стартапқа қызығушылық танытқан. Тағы жоба Smartestprep деп аталады. Бұл Лаура Вайгорова жасаған шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға арналған онлайн платформа. 2022 жылы Smartestprep ең жылдам дамып келе жатқан EdTech стартаптары ASU GSV Elite 200 тізіміне енді. Компания 10 миллион долларға бағаланды. Яна Шойбекова жетекшілік ететін Citix командасы да 2023 жылы америкалық Тим ​​Дрейперден 1 миллион доллардан астам инвестиция тартты. Мұндай жағдай Қазақстан тарихында алғаш рет тіркеліп отыр.

IT-Aiel: әйелдер өмірін жақсы жаққа өзгерту

Қазақстанда 2023 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан IT-Aiel жобасы өршіл, бірақ қол жеткізуге болатын мақсаттарды алға қояды. Себебі жобаның мақсаты сұранысқа ие IT мамандықтары арқылы әйелдерге қаржылық тәуелсіздік алуға көмектесу болып табылады.

Аталған жоба арқылы IT-Aiel әйелдерге No Code бағдарламалау, фрилансинг, электрондық коммерция және басқа цифрлық дағдылар бойынша тегін онлайн курстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқыту қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына жауап беретін ағымдағы бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Жобаға қатысушылар тек білім ғана емес, сонымен қатар олар тәжірибе алмасып, проблемаларды шеше алатын және жаңа мүмкіндіктер таба алатын қауымдастықтың қолдауына ие болады. Оқуды аяқтағаннан кейін IT-Aiel әйелдерге жұмыс табуға немесе жеке фрилансерлік бизнесін ашуға көмектеседі. Қазіргі күнде жоба өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетін көптеген әйелдер үшін нағыз шабыт пен үміттің көзіне айналды. IT-Aiel – жай ғана білім беру бағдарламасы емес, бұл әлемді жақсы жаққа өзгертетін жоба.

Аталған бағдарламаға биыл 2675 әйелден өтініш келіп түскен. Былтырда IT-Aiel жобасынна 2 мыңнан аса өтініш түскен болатын.

IT-Aiel-2024 жобалық оқыту бағдарламасы бірнеше модульдерден тұрады

1. Цифрлық дағдылар

Компьютермен және интернетпен жұмыс істеу негіздері, Офистік бағдарламалармен жұмыс істе, Интернеттен ақпарат іздеу, Интернет қауіпсіздігі.

2. Коды жоқ бағдарламалар

Код жазбай веб-сайттар мен мобильді қосымшаларды жасау, No Code платформаларымен жұмыс істеу, Веб әзірлеу негіздері.

3. Фриланс

Фриланс тапсырыстарын іздеу, Клиенттермен жұмыс, Уақыт пен қаржылық басқаруды үйрену, Салықтар және өзін-өзі жұмыспен қамту.

4. Электрондық коммерция

Интернет-дүкен құру, Интернетте тауарларды дайындау, Төлемдерді қабылдау, Тауарларды жеткізу.

5. Басқа цифрлық дағдылар

SMM, SEO, Копирайтинг және Дизайн.

Оқыту Astana Hub Education платформасында онлайн өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтыратын модульдерді таңдай алады. Теориялық білімнен басқа, қатысушылар IT немесе фрилансингте жұмыс істеуге көмектесетін практикалық дағдыларға ие болады.

Тегтер: