Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:55

Израиль Хаменеиге қастандық жасалмас бұрын Тегерандағы жол камераларын бұзып, оның күзетін бақылаған

Хаменеи
Фото: irna.ir

Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеидің өлімінен кейін, бұл операцияның қалай жүзеге асқаны туралы деректер шыға бастады.

Financial Times басылымының хабарлауынша, Израиль барлау қызметі бұл қадамға жылдар бойы дайындалып, Тегеранның цифрлық инфрақұрылымын толық бақылауында ұстаған.

«Тегеранды Иерусалимдей білдік»

Израиль барлауының қызметкері басылымға берген сұхбатында: «Біз Тегеранды өз ауламыздай, Иерусалим сияқты жақсы білдік», — деп мәлімдеген. Бұған қалай қол жеткізілді?

  • Камераларды бұзу: Израиль Тегерандағы дерлік барлық жол камераларын бұзып кірген. Бейнежазбалар шифрланып, тікелей Тель-Авивтегі серверлерге жіберіліп отырған.
  • Тұрақ әдеті: Тіпті жоғары лауазымды шенеуніктердің жүргізушілері Хаменеидің резиденциясына келгенде көлікті қай жерге қоюды жөн көретініне дейін зерттелген.
  • Күзетшілердің досьесі: Әрбір күзетшінің тұрғылықты жері, жұмыс кестесі, жүретін маршруты және олар кімді тасымалдайтыны туралы егжей-тегжейлі мәлімет жинақталған.

Қастандық жасалар алдында Израиль Хаменеи резиденциясы орналасқан көшедегі ондаған ұялы байланыс мұнараларын істен шығарған. Бұл күзетшілердің сырттан келетін ескерту қоңырауларын қабылдай алмауы үшін жасалған айла еді. Хаттама бойынша телефон желілері «бос емес» болып көрінгенімен, іс жүзінде байланыс толық үзілген.

Бункерден тыс жердегі соққы

Дереккөздердің айтуынша, Хаменеи соғыс уақытында ерекше сақтық шараларын қолданғанымен, сол күні бункерде болмаған.

«Оның екі бірдей бункері болды. Егер ол соның ішінде болса, Израильд бомбалары оған жетпес еді», - дейді сарапшылар.

Операцияның соңғы нүктесін Израиль истребительдері қойды. Олар бірнеше сағат бойы ұшып келіп, нысанаға 30-ға жуық жоғары дәлдіктегі зымыран тастаған. АҚШ жағындағы ақпарат беруші кездесудің нақты уақытын растап, операцияның сәтті өтуіне септігін тигізген.

28 ақпанда Биньямин Нетаньяху Хаменеидің қаза болғанын ресми растады. Қазіргі уақытта Иранның жоғарғы көшбасшысы міндетін ықпалды діни қайраткер Алиреза Арафи атқарып отыр.

Кейбір дереккөздер Аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы лидері болып сайланғанын мәлімдеді.