Израиль Иранға шабуылды тоқтатты, бірақ Ливанды бомбалауды жалғастырып жатыр
Израиль армиясы жарияланған бітім аясында Иран аумағына жасалған соққыларды тоқтатқанын мәлімдеді. Алайда Ливандағы «Хезболлаға» қарсы әскери операциялар жалғасып жатыр.
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сәрсенбі күні елдің әскери-әуе күштері Иран аумағына жасалған соққыларды тоқтатқанын хабарлады. Бұған дейін түнгі шабуылдар сериясы Иранның Израильге бағытталған баллистикалық зымыран ұшыру қарқынын азайтуға бағытталған.
Сондай-ақ бітім күшіне енгенге дейін Израиль күштері Иранның әртүрлі аймақтарындағы қару-жарақ өндірісіне қатысты маңызды нысандарға соққы бергені айтылды.
"Саяси басшылықтың нұсқауына сәйкес, армия Иранға қарсы науқанда атысты тоқтатты және қорғанысқа толық дайын күйде тұр. Кез келген бітімді бұзу әрекетіне жауап беруге әзір", - делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.
Ливандағы операциялар жалғасып жатыр
Сонымен қатар Израиль әскері Ливандағы «Хезболлаға» қарсы операциялардың жалғасып жатқанын растады. Олардың ішінде жердегі әскери әрекеттер де бар. Әскерилер бітімнің Ливан бағытына қатысы жоқ екенін ерекше атап өтті.
Бұл мәлімдеме Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің келісім Ливанды да қамтиды деген сөзіне қарамастан жасалды. Израиль бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамп-тың Иранға соққыларды тоқтату туралы шешімін қолдады.
Еске салайық, 8 сәуірге қараған түні АҚШ пен Иран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келген еді.