Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша тергеу аяқталды
Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша тергеу аяқталды. Алайда қорғау тарапы әлі тергеу нәтижелерімен әлі таныспаған. Қорғаушы тарап адвокаты Нұрпейісовтің айтуынша, әзірге іс материалдарымен танысуға мүмкіндік бермеген. Тіпті соған қарамастан іс прокуратураға жіберілмек.
Олар істі прокуратураға жіберейін деп жатыр. Маған 22 қаңтарда материалдар сотта болуға тиіс деді. Сол кезде материалдармен танысуға болады дейді. Алайда бұл дұрыс емес. Прокуратураға жіберместен бұрын біз қол қоюға тиіс едік. Алайда біз іспен әлі таныспадық және біздің қолсыз прокуратураға жібере алмайды, - деді адвокат.
Еске саламыз, тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» баптары бойынша айып тағылған. Мұндай айыптың тағылуына оның оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязовтан сұхбат алуы себеп болған.
Белгілі болғандай, қамаудағы журналист бұған дейін бірнеше рет аштық жариялап, саусағын кескен болатын.