Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:11, 16 Қараша 2023

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша тергеу бір айға созылды

 Думан Мұхамедкәрім
Фото: из открытых источников

Бұл туралы журналисттің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

“Тергеуші хабарласып, тергеу бір айға созылатынын хабарлады. Себебін түсіндірген жоқ. Сонымен қатар Думан Мұхаммедкәрім тергеу органдарына жауап беруден бас тартқан” деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Мұхаммедкәрімнің адвокаты жауапты тек сот кезінде беретінін айтып, себебін түсіндірді. 

"Біз жауапты сот кезінде береміз. Себебі тергеу кезінде жауап берсең де, жауап бермесең де айтқандарыңа бәрібір сенбейді", - адвокат.

Еске салайық, Думан Мұхамедкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

26 мамырда босап шыққан Думан Мұхамедкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды. 

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.