Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:12, 16 Ақпан 2024

Қандастарға беріліп жатқан сыйақының көлемі белгілі болды

сыйақы
Фото: из открытых источников

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл 2024 жылы оралған қандастар туралы мәліметтерді жариялады, деп жазды Zhasalash.kz

"2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 129,6 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,9 пайызы) Қытайдан, 29,6 пайызы - Өзбекстаннан, 8,3 пайызы - Моңғолиядан, 4,4 пайызы - Ресейден, 7,3 пайызы Түрікменстаннан және 1,5 пайызы басқа елдерден", - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен бірге қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 332 қандас қоныс аударды.

"Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде беріледі", - деп хабарлады министрлік.