15:49, 18 Қыркүйек 2018
«Канело» Головкинге белбеулерін қайтарады
WhatsApp желісінде Сауль «Канело» Альварес тағы да допингпен ұсталғаны, енді Головкиннің чемпиондық белдеулерін қайтарып алатыны туралы ақпарат тарап жатыр.
«Құрметті қазақ елі, сүйінші хабар! Геннадий белбеулерін қайтарып алады екен, себебі «Канело» допингпен тағы да 2-ші мәрте ұсталыпты деп xабарлайды Бокс федерация башылары. Ресми корсетілім 20-қыркүйек сагат 20:00-де QAZSPORT арнасында» делінген хатта.Анықталғандай 20 қыркүйек күні ешқандай да ресми ақпарат шықпайтыны белгілі болды. Бұл туралы «Қазақстан телекорпорациясының президенті Ерлан ҚАРИН «фейсбук» парақшасында жазды.«Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңіліңмен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр», дейді Қарин.Мұндай ақпарат рас болып шықса, тек WhatsApp желісі арқылы ғана емес, өзге де әлемдік ақпарат көздері жарыса жазар еді. Оның үстіне бар-жоғы екі-үш сөйлемдік шағын ақпарттың өзі қатеге толы. Сондықтан, бұл іші пысқан әлдекімнің ойнап жаза салған жазбасы екені анық.Еліміздің кәсіпқой бокс федерациясы бұл ақпаратты таратпағанын мәлімдеді. «Кәсіби бокс федерациясы мұндай мәлімдеме жасаған емес. Бізде «Канело» допингпен ұсталды деген ақпарат жоқ» дейді федерация өкілі Sputnik Қазақстан сайтына берген сұхбатында.15 қыркүйек күні Геннадий Головкин алғаш рет кәсіби рингте «Канело»-дан жеңіліс тауып, осыған дейін жинаған барлық белбеулерінен (орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO) айырылған болатын.Фото: sport-news.online