14:29, 18 Қаңтар 2024
«Қар үстінде жалаңаяқ жүгірткен»: Атырау балабақшасының тәрбиешілері сынға қалды
Атырауда «Балдәурен» балабақшасының педагогтары тәрбиеленушілерді суыққа төзімді болсын деген ниетпен қардың үстімен жүгірткен. Желі қолданушылары олардың бұл ісіне таңырқап жатыр, деп жазды Zhasalash.kz.
Кадрларда балалар тәрбиешімен бірге сырт киімсіз және жалаң аяқ балабақшадан шығып, қардың үстімен жүгіріп жүр.
«Бұл әрекетке тек ата-аналар мен балалардың келісімімен барады. Егер бала жүгіргісі келмесе, оны ешкім мәжбүрлемейді», - деп сендірді әкімшілік.