Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:43, 16 Қараша 2023

Қарағанды ​​облысында инвестициялық ахуал қандай?

Қарағанды
Фото: из открытых источников

Қарағанды ​​облысы Республикада территориясы мен өнеркәсіптік әлеуеті жағынан ең үлкен өңір екені бәрімізге беліглі. Бұл өңірдің инвестициялық тартымдылығының бірінші себебі. Бірақ аймақтың үлкен инвестициялық әлеуетін көрсететін басқа да негізгі назар аударатын тұстар бар. 

Ең алдымен Қарағанды облысының ыңғайлы географиялық орналасуын айтсақ болады. Еуразияның дәл ортасында орналасқан Қарағанды ​​облысының географиялық орнын атап өтпеу мүмкін емес. Себебі, теміржол қатынасы облысты ТМД елдері, Германия, Қытай қалаларымен байланыстырады, ал халықаралық әуежай Ресей, Германия, БАӘ және басқа елдерге тікелей рейстерді қамтамасыз етеді. Бұл Қарағанды ​​облысын таңдауда әлеуетті инвесторлар үшін аймақтың артықшылықтарына тағы да ұпай қосады.

Келесі арнайы экономикалық аймақтарды айтсақ болады. Бүгінгі таңда Қазақстанда басым салаларды іске асыру және дамыту және инвестиция тарту мақсатында құрылған он арнайы экономикалық аймақ бар. Соның бірі – Қарағанды ​​қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан, аумағы 600 гектарға жуық, мемлекет озық жобаларды жүзеге асыруға бөлінген «Сарыарқа» кешені. АЭА-ға отандық инвесторлармен қатар Германия, Австрия, Қытай және Кореяның инвесторлары енді. АЭА жобалары үшін салықтық және кедендік жеңілдіктермен қатар коммуналдық қызметтердің арнайы тарифтері қарастырылған.

Одан бөлік, географиялық орны туристерді тартатындай әлеуетке ие.

Қарқаралы – қазақтың Швейцариясы, Ұлытау да бөлек, тамаша аймақтың бірі, Балқаш – бірегей жағажай мерекесі – осының бәрі Қарағанды ​​облысының визит карточкасы. Бұл аймақтың туристік мұрасына екі ұлттық табиғи саябақ – Қарқаралы және Бұйратау, 12 қорық, сондай-ақ 2500-ден астам тарихи және мәдени ескерткіштер кіреді. Тек 2017 жылы туристерді орналастыру орындары 641 551 тұрғынға және 48 779 резидент емес орындарға қызмет көрсетті, бұл рекреациялық, экологиялық, мәдени-танымдық және тарихи туризмді дамытудың үлкен әлеуеті мен болашағын растайды.

Республиканың жоғары оқу орындарының саны бойынша облыс өңірлер арасында бірінші орында келеді. Бір ғана Қарағанды облысының өзінде әртүрлі қоғамдық салалар бойынша мамандарды дайындайтын 15-ке жуық жоғары оқу орны бар. Кадрлардың кәсіби деңгейі жоғары болып келеді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында көптеген инвестициялық жобалар көптеп жүзеге асуда. Солардың бірі техникалық газдарды (оттегі мен азот) өндіретін жаңа зауытты инвестициялау жобасы Linde Group басшылығының жоғары деңгейінде бірнеше рет мақұлдаудан өтті. Құны 70 миллион еуро тұратын жаңа зауыт салу туралы шешім қабылдауға қолайлы инвестициялық ахуал мен жергілікті атқарушы билік тарапынан тиімді қолдау әсер еткен. Қарағанды ​​облысындағы «Саран» индустриялық аймағы аумағында шина шығаратын зауыттың құрылысына инвестиция тартылған. Өткен жылы «KamaTyresKZ» ЖШС жобасын жүзеге асыруға 86,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өңірдегі өнеркәсіптің дамуына, моноқаланың да, жалпы облыстың да экономикасын әртараптандыруға қызмет етеді.

Аймақтық экономика басқармасының мәліметінше, Қарағанды ​​облысында инвестиция тарту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 567,3 млрд теңгені құраған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестиция көлемі 16,5 пайызға өскен. Сондай-ақ өңірде аталған мерзімде өнеркәсіп саласы бойынша 2,5 триллион теңге өнген. Әрі кәсіпкерлік белсенділік артып келеді. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны шамамен 100,5 мың бірлікті құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға көп. Бір ғана Қарағанды облысы шағын және орта бизнес облыс экономикасына 1,6 трлн теңге береді. Өсу қарқыны бойынша бұл ел бойынша үшінші көрсеткіш. Осыдан шағын және орта бизнестің жақсы инвестициялық ахуалға және даму үшін жеткілікті қолайлы жағдайға ие деп қорытынды жасауға болады

Осылайша, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру біріншіден аймақты дамытуда үлес қосса, екіншіден жаңа өндіріс орындарын құруға, импортты алмастыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін дамытуға көмектеседі.