12:05, 27 Қазан 2023
Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырғандардың бірі қайтыс болды
Қалған 2 науқастың жағдайы тұрақты
Қарағанды облысының, Топар ауылының тұрғыны 75 жастағы ер адам сібір жарасынан көз жұмды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жараның салдарынан ауруы асқынған науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған.
Қалған Сібір жарасын жұқтырған басқа 2 науқастың жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында. Бұдан бөлек, 3 адаммен байланыста болған 30-ға жуық адаммен профилактикалық іс-шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, медициналық бақылау орнатылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған 3 адам анықталып, Топар ауылының карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.