Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:08, 27 Қыркүйек 2023

Қарағанды облысында сот тұтынушылардың пайдасына 19 шешім шығарған

сот
Фото: из открытых источников

 Биылғы жылдың 9 айында аталған ведомствоның мамандары өңірдегі кәсіпкерлік субьектілерге 35 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 5 кәсіпкерлік субьектілер 767 500 мың теңге айыппұл арқалаған

Халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың нарқын тұрақтандыру ел тұрмысына, тұтастай алғанғанда ел экономикасына оң әсер ететіні шүбәсіз. Бұл орайда, Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті маңызы мәселені жүйелі түрде қадағалауға алған. Биылғы жылдың 9 айында аталған ведомствоның мамандары өңірдегі кәсіпкерлік субьектілерге 35 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 5 кәсіпкерлік субьектілер 767 500 мың теңге айыппұл арқалаған.

-Тұтынушылардың шағымы негізінен сатып алынған немесе ұсынылған тауардың сапасына қанағаттанбауынан туындаған. Келген өтініштерді саралай келе, тұтынушылар құқығы көбіне электрондық коммерциялық және тұрмыстық қызмет көрсету барысында көп бұзылатынын аңғару қиын емес. Атап айтқанда, осындай ағаттыққа жол берген 2 кәсіпкерлік субьекті 258 750 мың теңге айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершлікке тартылды, сондай-ақ 18 кәсіпкерге ескерту беріліп, 1 іс бойынша екі тарап келісімге келді, ал тұтынушының құқын бұзды деген күдікке ілінген кәсіпкердің кінәсіз екені анықтады. Халық көбіне өз құқықтары туралы заңды білмегендіктен опық жеп қалады. Одан кейін, Ел көбіне тапсырыс берген тауары жайлы мәліметтен бейхабар болып шығады. Бұл жәйт бізді де, қатты алаңдатып отыр. Ал, енді бөлшек сауда бойынша тұтынушылардың құқықтарының бұзылуын сипаттайтын болсақ, тауар айырбастау яки қайтару, тауар қаптамасының бұрмалануына жиі орын берілген. Сонымен қатар, сатушылардың тұтынушыға өрескел мінез көрсететіні және тауарды сатып алғандығын растайтын құжаттар ұсынбайтын оқиғалар аз емес. Негізінен бізге түскен арыз-шағымдардың сипаты өзгеріссіз қалады,-дейді сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсел Сахариева.

Жыл басынан бері сот тұтынушылардың пайдасына 19 шешім шығарған, 6 іс бойынша екі тарап сот залында өзара мәмілеге келген, 5 тарап арыздарын сотта қарамауды сұрап шағымдарын қайтарып алған. Айта кетерлік жәйт, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті дербес әрі талап қойылмайтын үшінші тұлға ретінде 9 ай аралығында осындай 30 сот отырысына қатысқан.

Айтбала Сүлейменқызы

Тегтер: