Қарағанды облысының экспорт тауар әлеуетіне шолу

Қарағанды облысы Қазақстандағы сауда индустриясының іргетасы екені белгілі. Түрлі салаларда шешімін тауып жатқан шаралар өңірдегі сауда мен тауардың өндірілуіне тікелей әсер етеді.
Бүгінде Қарағанды облысы өзіне тән дәстүрлі әрі негізгі алты салаға баса назар аударуда, атап айтқанда: көмір өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, кен өндіру, металл өңдеу және машина жасау, химия және фармацевтика өнеркәсіптері, сонымен қатар құрылыс пен ауыл шаруашылығы да қатар дамып, кіріс кіргізуде.
Қарағанды облысының ауылдарында ауыл шаруашылығы түрлі бағытта дамып, өнім өндіріп қарқында даму үрдісін жасауда. Бұл жағдайда Мемлекет басшысы да даму үшін басымдық беруді дамытуды қолға алуға тапсырма берді. Сонымен қатар өңірлерде ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің институционалдық жағынан қамтамасыз етілуін дамыту және тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» туралы №1 Жарлыққа қол қойды.
Ал бұл Қарағанды облысында ауылдың дамуы негізгі үш бағытта жүзеге асырылып келеді. Бірінші бағыт – еңбек өнімділігін арттыру. Ауыл шаруашылығы тауарларының көлемін арттырып, сапасын жақсарту. Бәсекеге қабілетті, сапасы мен сұранысы жоғары өнім шығаруға қол жеткізу. Екінші міндет – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндетке сай, жыл сайын ішкі нарықтағы өтімділігі жоғары азық-түлік тауарларының пайыздық көрсеткішін отандық өнімдер құрауы тиіс. Ал үшінші міндет – өндірілген өнімдердің экспорттық әлеуетін көтеріп, олардың шетел нарығына шығуына жол ашу. Облыстағы агроөнеркәсіп кешені алдына Президент тарапынан қойылған осындай міндеттерді жүйелі атқару мақсатында көптеген шаралар жүзеге асырылып жатыр. Яғни мектеп, аурухана, мәдениет, спорт кешендерін салуға, жол салу, сумен және энергиямен қамтамасыз етуді дамытуға арналған бюджеттік қаржылар қайта қаралып, жіті тексерілуде.
Әрбір ауылда монша, наубайхана, мәдениет, спорт нысандары болуына ерекше көңіл бөлініп, ондай нысандары жоқ ауылдарға қаржылай көмек беру қарастырылып жатыр. Қыс маусымына қарай ауылдық аудан орталықтарында жол, қар тазалайтын коммуналдық техниканың болуына да баса назар аударылуда. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында облыста тұрақты даму бағыты айқындалып отыр. Мал өнімдерінің өсімі ұлғайып, малдың барлық түрі мен құстың саны көбеюде. Өсімдік шаруашылығы – 233,1%, ал мал шаруашылығы – 182,1%.
Жалпы өнімдердің үлесі жылдан жылға артып, экспорттық әлеуеті көтерілді. Оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері мал еттері, сүті мен құрты деген секілді өнімдер шет елдерге экспортталуда.
2022 жылы түсті металлургия саласынан экспортталған тауарлар: тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (49,4%), жалпақ прокат немесе легирленбеген болат (22,7%), көмір (10,7%), өңделмеген күміс (3,3%), ферроқорытпалар (2,9%) құраған.
Ал ал импорт көлемі $1,5 млрд (Қарағандының тауар айналымының 26,4%) – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21% жоғары ($1,2 млрд) құрады. Тауар импорты бойынша Алматы мен Астана қалаларынан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан кейін 5-ші орынды алады. (2021 ж. 5-орын).
Жалпы 2023 жылғы қаңтар-қазандағы бөлшек сауда көлемі 1180256,6 млн. теңгені құрады, яғни 2022 жылдың кезеңінен 2%-ға артық.
2023 жылғы қаңтар-қазандағы көтерме сауда көлемі 1690356,6 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ЕАЭО елдерімен өзара сауда 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2062,3 млн АҚШ долларына, яғни 3,7%-ға төмендеді, оның ішінде экспорт – 1253,8 млн АҚШ долларына (4%-ға көп), импорт – 808,5 млн АҚШ долларға төмендеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірдегі 2023 жылғы қазандағы тұтыну бағаларының индексі 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 109,2%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,8%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 8,8%-ға, халыққа арналған ақылы қызметтердің бағасы 12,6%-ға өсті.
2023 жылғы қаңтар-маусымдағы жалпы өңірлік өнім ағымдағы бағамен 3010405,6 млн теңгені құрады. Яғни Қарағанды облысындағы ЖӨӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 47,3 пайызды құрады.