Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:45

Қарағанды облысының прокуратурасында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы өтті

1

Қарағанды облысының қоғам белсенділері облыс прокуратурасы ұйымдастырған «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясына қатысты. 

Акция “Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. 

Облыс прокуратурасының жанындағы Жобалау офисінің үйлестіруімен облыс тұрғындарына күн сайын азаматтарды құқық бұзушылықтан қорғайтын түрлі нысанды шаралар жүргізілуде. 
3 желтоқсанда облыстың қалалары мен аудандарының прокуратуралары жұртшылыққа есіктерін айқара ашты. Прокуратураның жұмысын депутаттар, журналистер, блогерлер, жастар бірлестіктерінің өкілдері және облыстың белсенді тұрғындары нақты уақыт режимінде көре алды. Қатысушыларға қадағалаудың негізгі бағыттары: қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді қарау, сот отырыстарына қатысу, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу, кезекші прокурорлар мен құрылымдық бөлімшелердің жұмысы, сондай-ақ көшпелі қадағалау функциялары көрсетілді.

1

Негізгі бағдарламадан кейін қонақтар тақырыптық бағыттарға бөлініп, прокурорлардың практикалық жұмысын - процестік бақылаудан бастап, азаматтардың өтініштерін қабылдауға дейін бақылады. 

«Акцияның негізгі мақсаты - жүйенің ашықтығын және прокуратураның жұмысын көрсету. Азаматтар сот процестерін өз көздерімен көргенде олардың сенімдері артып, прокуратураның адам құқықтарын қорғаудағы рөлін анық түсінеді»-, деп атап өтті облыс прокурорының орынбасары Еділ Жұбанов. 

1

Қоғам өкілдері іс-шаралардың заңдылықты қамтамасыз ететін және бүкіл процесті үйлестіретін орган - прокуратураның басшылығымен жүріп жатқанының маңыздылығын атады.

Қорытындысында қатысушылар жұмыстың ашық форматтарын дамыту және қоғам мен прокуратураның өзара іс-қимылын одан әрі кеңейту бойынша ұсыныстарды талқылады.

"Құқықтық тәртіп әліпбиі" акциясы облыс прокуратурасының жетекшілігімен Өңірлік жобалау офисінің аумақта заңдылықты нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша практикалық шараларды жүзеге асыруының жарқын мысалы болды.