Қарағанды шахтасында жарылыс: қаза тапқандар саны 36-ға жетті
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны артты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 36-ға жетті, 10 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының 10 тау-кен құтқару бөлімшесі жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) сенім телефондары жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Кейін үкімет «АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстанның меншігіне өткізу бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.