Қарағанды шахтасында жарылыс: қаза тапқандар саны 33-ке жетті
Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны артты. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты.
"Қазіргі уақытта Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға 33 кеншінің өмірін қиды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Ақпарат түскен сәттен бастап біз барлық қызметтердің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық. Алдын ала болжам бойынша, өрт шыққан деген болжам бар. 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді", - деді Бөлекпаев.
Әкімнің айтуынша, зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің бақылауында.
@jasalash.kz “Костенка” шахтасында метан газы жарылып, 28 адам қаза тапты. 18 адам әлі іздестіріліп жатыр. #караганда #шахта #жасалаш #fyp ♬ оригинальный звук - Jasalash.kz
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) сенім телефондары жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Кейін үкімет «АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстанның меншігіне өту бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.