Қарағандыда ұшақ апатынан кімдердің қаза тапқаны белгілі болды
Азаматтық авиация комитеті Қарағанды облысында екі адам қаза тапқан P2002-JF оқу-жаттығу ұшағының апатқа ұшырауы туралы алғашқы мәліметтерді жариялады.
Ұшақ апатында қаза тапқандар 1097 сағат ұшу уақыты бар нұсқаушы ұшқыш және Солтүстік әскери округінің әскери институтының курсанттары.
«Ұшқышта 2019 жылдың 28 қарашасында берілген № 000012 жарамды CPL (A) сертификаты болған. Рұқсат қағаз 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұшақ апатына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду шұғыл жиын өткізгені белгілі болды. Төтенше жағдай жоспары іске қосылып, қауіпсіздік мәселелері талқыланып, тергеуге құжаттар дайындалды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Авиация әкімшілігі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Балапан» оқу орталығы авиациялық кадрларды кәсіби даярлау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. ҚР Авиация әкімшілігінің авиациялық инспекторларымен соңғы сертификаттық тексеру 2022 жылдың 21-25 қарашасы аралығында жүргізілген.
Айта кеетйік, 30 қыркүйек күні таңертең Қарағанды облысындағы «Балапан» авиациялық оқу орталығында екі орынды, бір қозғалтқышты ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан екі ұшқыш қаза тапты.