Қарағандыдағы жылу электр орталығындағы ірі апат: қала жарықсыз қалды
27 қыркүйек қарсаңында қарағандылықтар толассыз жауған жаңбырдан қолайсыздыққа тап болған
Қарағандыдағы жылу электр орталығында болған апат салдарынан қала жарықсыз қалды.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ЖЭО-3-те апат орын алған. Нәтижесінде 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөнген.
"Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ электр қуатынсыз қалған нысандар саны да анықталып жатыр", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 27 қыркүйек қарсаңында қарағандылықтар толассыз жауған жаңбырдан қолайсыздыққа тап болған. Қаланы жауған нөсер қаладағы көлік қозғалысын тоқтатты.
Әлеуметтік желілерде Қарағандының нөсерлі кәріз жүйесінің су ағынына төтеп бере алмайтынын көрсететін көптеген бейнеролик таралды. Салдарынан қала орталығындағы көшелерді су басып, көліктер мен қоғамдық көліктер суда қалды. Қала тұрғындары көшеде тізеге дейін жеткен суда жүрді.