Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:40, 28 Қараша 2023

Қарағандылық таза тұқымды Араб жылқысын ұрлап, соғымға сойған

жылқы
Фото: из открытых источников

Қарағанды ​​облысының Шет ауданында құны бір жарым миллион теңге тұратын таза тұқымды ағылшын-араб жылқысы ұрланып, соғымға сойылған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ағадыр ауылында асыл тұқымды жылқы ұрлығы орын алды. 30 жастағы иесі полицияға хабарласып, жылқыны бәйгеге арнайы сатып алғанын және оны халықаралық жарыстарға дайындайтынын айтқан. Қылмыскер малды үй жанындағы қорада ұстап, сол жерден ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құраған. 

Шағымды тіркегеннен кейін полицейлер бақылау-өткізу бекеттеріндегі кезекшілікті күшейтті. Өтіп бара жатқан көліктерді тексеру барысында күдіктілер анықталды.

«Полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтады: 23 және 54 жастағы екі ер адам. Олар Шет аудандық ішкі істер бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде ұсталды. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойғандарын айтып, кінәсін мойындады. Аталған іске қатысты алдын ал ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша сот тергеуі жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаменті.

Күдіктілер 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері облыста 644 бас мал ұрланып, оның 547 басы қайтарылған. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында мал ұрлауда өзіндік «қулығы» болған бір топ мал ұры ұсталған болатын. Екі ер адам ауыл тұрғындарының қорасынан мал ұрлап жүрген. Артынша малды далаға апарып союды, ал малдың терісін, ішегін, бастарын мал ұрылары сою орнында қалдырған. Осылайша өсірілген ет өнімдері Астана базарларында сатылды.