Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Қарағанды облысында елге қауіп төнетін төтенше жайттар орын алған жоқ. Дегенмен қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Қарағанды тұрғындары блок-бекеттерде тұрған әскерилерге ыстық тамақ апарып құрмет көрсетуде.
Ал Саран қаласының кәсіпкері Владимир Алескеров тігін цехында далада күзетте жүрген әскерилер үшін жылы киім тіккізіп, апарып берген. Тігін фабрикасында бір күнде қысқы киім — кешектің 30 жиынтығы тігілген. Жылы киімдер блок-бекеттердің біріне табыс етілді.
«Бүкіл ел үшін қиын сәтте біз барынша қолдау көрсетуді дұрыс деп шештік.Қазір күн аяз сондықтан жылы киімдер қажет деп ойлаймын »,- деп мәлімдеді кәсіпкер Владимир Алескеров.
Қарағандыда "Қайырымдылар қоры" бекеттерде ел тыныштығы үшін тұрған полиция қызметкерлері мен әскерилерге ыстық тамақ пен шәй апарған. Сондай-ақ клуб өкілдері Қарағанды қаласындағы кейбір жалғызбасты қарияларға азық түлік таратыпты.