Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:57, 27 Шілде 2020

Кәсіпкерлер коронавируспен күреске 100 миллион теңге бөлген

Шымкентқаласының кәсіпкерлері коронавируспен күрес шараларына өз үлестерін қосып отыр.

Жомарт жандар «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік-қайырымдық қорына бүгінгедейін 100 млн. теңгеден астам қаржы бөлген. Бұл туралы қор директоры ДәуренбекҚұрбаниязов мәлімдеді

Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету(ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуікардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржыкөлемі 90 млн теңгені құрайды.  Соныменқатар, қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасынада  «Шымкент қайырымды қала» қорытарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Күні бүгінге дейін қордың көмегіменқосымша ашылған провизорлық орталықтардағы төсек-орынға арналған 30 кереует пен2400 литр минералды су алынған. Алдағы аптада 10 мың бетперде мен 1000 данамедициналық киім тарату жоспарланып отыр.

Айта кетсек, «Шымкент – қайырымды қала»  қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, мәдени,ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына қол жеткізу, азаматтардың денсаулығынсақтау, қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар басқа да әлеуметтік пайдалымәселелер. Бұл қор коронавирустық инфекциямен күресте үлкен әлеуметтік көмеккөрсетіп келеді.

Тегтер: