Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:06, 19 Қараша 2020

Кәсіпорында кеңейту жобалары жүзеге асуда

None
None

Шымкентте темір-бетон бұйымдарын өндіретін «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС кеңейту және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда.

2011 жылы құрылған кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдары, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді. Зауыт дайын өнімді отандық нарыққа шығаруда.

Кәсіпорын басшыларының айтуынша, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде зауытты жаңғыртуды қолға алған болатын. Барлық жаңа жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары сәтті жүзеге асты.

Атап айтқанда, бүгінде 3 жаңа жеке цех іске қосылды: палубасыз қалыптау желісі, ұсақ бөлшектелген бетон бұйымдары цехы, қабырға панельдерінің желісі.

Мекеме қазіргі таңда 110 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Тегтер: