KASPI банкте «Жаңа жыл 0-0-12» акциясы басталды

4-31 желтоқсан аралығында каспи банкте «Жаңа жыл 0-0-12» акциясы жүріп жатыр. Бұл күндері тұтынушылар Kaspi.kz дүкенінен тауарларды 12 айға дейін пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Қазақстандықтар жаңа жылдық акция қарсаңында жаңа жылдық шырша, сонымен қоса автокөліктерге дөңгелек, жылы аяқ киім мен киімін жаңалап, мобильді телефондар, үйлеріне тұрмыстық техника мен электроника, үйге және жөндеу жұмыстарына арналған тауарлар сатып ала алады.
«Жаңа жыл 0-0-12» акциясында барлық заттар 12 айға бөліп төлеу арқылы пайызсыз және артық төлемсіз сатылады. Сауданы Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде, сонымен қатар Kaspi-дің бүкіл ел аумағындағы серіктес дүкендерінде жасауға болады.
Сатып алушының өтініші бойынша заттар үйге тегін жеткізіледі. Сондықтан жеткізу қызметтері жаңа жылдық акция барысында күшейтілген режимде жұмыс істейді. Егер кішігірім заттарға тапсырыс бергіңіз келсе, Kaspi Postomat арқылы алуға болады.