Kaspi.kz қосымшасында Республикалық референдум туралы хабарландыру
Қазақстандықтар тікелей смартфоннан Kaspi.kz қосымшасында өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын таба алады.
Егер сайлау учаскесі жоқ болса, байланыс орталығының телефон нөмірі автоматты түрде көрсетіледі. Сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kzбасшысы және негізін қалаушылардың бірі:
«Жақындабіз қазақстандықтарға референдумда дауыс беругеарналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірінтікелей смартфоннан білуге мүмкіндік беретін «Референдум» қызметін іске қостық. 5 маусымда бәріміздің болашақ ұрпақ үшін жаңа Қазақстандықұруғадауыс беретінбірегей мүмкіндігіміз бар! Біз Kaspi.kz командасы мемлекетке түрлі қызметтерді әрбір азаматтарға қолжетімді етуге көмектесу мен сүйікті тұтынушыларымыздың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастырамыз».
Республикалық референдум 5 маусымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі талқыланады. Қазақстанда соңғы референдум осыдан 27 жыл бұрын өткен болатын. Дәл сол кезде қазіргі Конституция қабылданды.
«Kaspi.kz командасыменбірге еліміздегі ең танымал қосымшада «Референдум» қызметі жасалып, іске қосылды. Ол жерде сайлау учаскесі мен байланыс орталығының телефон нөмірін де таба аласыз. Сервисте осы тақырып бойынша ең танымал сұрақтарға жауаптар бар. Мысалы, референдумда кім дауыс бере алады, шетелде қай жерде дауыс бере алады және адам басқа сайлау учаскесінде дауыс бере ала ма», — деді ЦДИАӨМвице-министрі Әсет Тұрысов.
Сервисті ҚР Орталық референдум комиссиясы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасап шығарды. Мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz командасының серіктестігі қосымшаға қазақстандықтардың өмірін жақсартатын бірқатар инновациялық қызметтерді біріктірді. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар көлігін қайта тіркеп, әлеуметтік шот ашып, жәрдемақы алып, жеке кәсіпкерді тіркеп және басқа да көптеген қызметтерді пайдалана алады. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионға жуық адам пайдаланады.